Алматы каласында жумыссыздарды 2007 жылы коғамдык жумыстарға жіберу туралы
Алматы қаласының әкімдігінің 2006 жылғы 30 желтоқсандағы № 8/1574 Қаулысы
Алматы қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 10/1245 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысын басшылыққа алып және III сайлаңған Алматы қаласы Мәслихаты XIV сессиясының 2005 жылғы 24 наурыздағы «Алматы қаласының 2005 - 2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын бекіту туралы» №130 шешімімен бекітілген Алматы қаласының 2005 - 2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2007 жылға арналған ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің ұсынылған тізбесі бекітілсін.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға келісім-шартқа отыруға өкілетті болсын.
3. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті қала бюджетінің 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарын өткізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуін жүзеге асырсын;
қоғамдық, жұмыстағы жұмыссыздардың еңбеқақысын төлеу екінші деңгейдегі банктердегі жеке есеп шоттарына аудару арқылы жұргізілсін.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі 1,5 айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.