Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ «Халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 3-1-323қ Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы» (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 қаңтарда № 308 болып тіркелген; 2004 жылғы 12 ақпандағы № 21 «Астана хабары», 2004 жылғы 27 наурыздағы № 34 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған қаулыдағы:
1-тармақта «бекітілсін» сөзінен кейін «(1-қосымша)» цифрымен және сөзімен толықтырылсын;
2-тармақта «бекітілсін» сөзінен кейін «(2-қосымша)» цифрымен және сөзімен толықтырылсын;
3-тармақта:
«Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті» сөздері «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі» сөздерімен ауыстырылсын;
«3033» цифрлары алынып тасталсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақтағы «Т.М. Мұхамеджановқа» сөздері «С.С. Мұстафинаға» сөздерімен ауыстырылсын;
2) қаулының мынадай мазмұндағы 2-1 тармақтарымен осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын: