Микроорганизмдерді патенттік рәсім
мақсаттары үшін депоненттеуді
халықаралық тану туралы Будапешт шарты
(1977 жылғы 28 сәуір, Будапешт қ.)
ҚР 2001.16.11 № 259-ІІ Заңымен шартына қосылды
Қазақстан үшін шарт 2002 жылғы 24 сәуірде күшіне енді
КІРІСПЕ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
Одақтың құрылуы
Осы Шартқа қатысушы мемлекеттер (бұдан әрі - «Уағдаласушы мемлекеттер» деп аталады) Микроорганизмдерді патенттік рәсім мақсаттары үшін депоненттеуді халықаралық тану туралы одақ құрады.
2-бап
Анықтамалар
Осы Шарт пен Нұсқаулықтың мақсаттары үшін:
(і) «патент» сілтемесі өнертабысқа, өнертабысқа арналған авторлық куәлікке, пайдалылық туралы куәлікке, пайдалы үлгілерге арналған патенттерге, қосымша патенттерге немесе қосымша куәліктерге, қосымша авторлық куәліктер мен пайдалылық туралы қосымша куәліктерге сілтемелер деп ұғынылуға тиіс;
(ii) «микроорганизмді депоненттеу» - бұл сөздер кездесетін мәтіннің толық мәнді мағынасына байланысты осы Шарт пен Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылатын мынадай іс-әрекеттерді білдіреді: микроорганизмді алатын және қабылдайтын депоненттеу жөніндегі халықаралық органға оны беру немесе осындай микроорганизмді депоненттеу жөніндегі халықаралық органның оны сақтауы, немесе аталып өткеніндей, оны беру сияқты, аталып өткеніндей, оны сақтау;
(iii) «патенттік рәсім» патентке арналған немесе патентке қатысты кез келген әкімшілік немесе құқықтық рәсімді білдіреді;
(iv) «патенттік рәсім мақсаттары үшін жарияланым» ресми жариялауды немесе патент алуға арналған өтінімнің ресми есептелуін немесе жалпы көпшілік қол жеткізетін танысулар үшін патент алуды білдіреді;
(v) «өнеркәсіптік меншіктің үкіметаралық ұйымы» 9(1) бапқа сәйкес декларация берген кез келген ұйымды білдіреді;
(vi) «өнеркәсіптік меншіктің ведомствосы» патент беруге уәкілетті Уағдаласушы мемлекеттердің органын немесе өнеркәсіптік меншіктің үкіметаралық ұйымын білдіреді;
(vii) «депоненттеу жөніндегі мекеме» микроорганизмдердің алынуын, қабылдануын және сақталуын, сондай-ақ олардың үлгілерінің берілуін қамтамасыз ететін мекемені білдіреді;