Ақмола облысында «Жастардың іс-тәжірибесін» ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № а-3/71 қаулысы
(2006.26.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы № 836 қаулысына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларын кеңейту мақсатында Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жастардың іс-тәжірибесін» ұйымдастыру Ережелері бекітілсін.
2. Аудандар мен қала әкімдері жергілікті бюджет есебінен (аудандық, қалалық) «Жастардың іс-тәжірибесін» ұйымдастыруды қаржыландыруды қарастырсын және қамтамасыз етсін.
3. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылдың 27 желтоқсанындағы № А-1/361 «Ақмола облысында Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастырудың Ережелерін бекіту туралы» және 2004 жылдың 16 ақпанындағы № А-2/37 «Облыс әкімдігінің 2003 жылдың 27 желтоқсанындағы № А-1/361 «Ақмола облысында Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастырудың Ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» қаулылары күшін жойды деп танылсын.
Ақмола облысы әкімдігінің 2006.24.01. № А-1/43 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
5. Қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі
Ақмола облысы әкімдігінің
2004 жылығ 10 наурыздағы № А-3/71
«Ақмола облысында «Жастардың
іс-тәжірибесін» ұйымдастыру
Ережелерін бекіту туралы»
Қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облысы әкімдігінің 2006.24.01. № А-1/43 қаулысымен мәтін өзгертілді