Жастардың іс-тәжірибесін» ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің
2004 жылғы 10 наурыздағы № А-3/71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № А-11/486 қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жастардың іс-тәжірибесін» ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № А-3/71 қаулысына (Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 23 наурызда № 2364 болып тіркелген, 2004 жылғы 18 мамырда № 56 «Акмолинская правда» газетінде жарияланған), Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы № А-1/43 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар есепке алына отырып (облыстық әділет департаментінде 2006 жылғы 21 ақпанда № 3180 болып тіркелген, 2006 жылғы 6 сәуірде № 37 «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген «Жастардың іс-тәжірибесін» ұйымдастыру Ережесінің (бұдан әрі- Ереже):
5-тармағы келесі мазмұндағы 4,5-тармақшалармен толықтырылсын:
«4) «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушы уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, «Жастар іс тәжірибесінен» өтуге уәкілетті органмен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес жеке еңбек шартын бекіткен жеке тұлға;