Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізудің
2007 жылға арналған күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 27 ақпандағы
№ 55 бұйрығы
Әлеуметтік-маңызды және мәдени шараларды жоспарлы және тиімді түрде өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 2007 жылғы әлеуметтік-маңызды және мәдени шаралардың өткізілу күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Мәдениет және тарихи-мәдени мұра департаменттері шаралардың дайындау және өткізу жұмыстарын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуің үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Экономика және қаржы департаменті 011 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет сұрақтарымен айналысатын вице-министрге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2007 жылғы 27 ақпандағы
№ 55 бұйрығымен
Бекітілген
Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды
өткізудің 2007 жылға арналған күнтізбелік жоспары
1. Мереке күндеріне арналған концерттер
1 | Наурыз мейрамы | наурыз |
2 | Халықаралық әйелдер күні | наурыз |
3 | Қазақстан халықтарының бірлігі күні | мамыр |
4 | Жеңіс күні | мамыр |
5 | Конституция күні | тамыз |
6 | Республика күні | қазан |
7 | Тәуелсіздік күні | желтоқсан |
2. Мерейтой күндеріне арналған концерттер
1 | Шернияз Жарылғасынұлының 200 жылдығы | жыл бойы |
2 | Тұрмағамбет Ізтілеуовтың 125 жылдығы | жыл бойы |
3 | Сүгір Әлиұлының 125 жылдығы | қазан |
4 | Ғали Ормановтың 100 жылдығы | жыл бойы |
5 | Әлжаппар Әбішевтің 100 жылдығы | қараша |
6 | Дихан Әбіловтің 100 жылдығы | жыл бойы |
3. Салтанатты концерттер
1 | Мемлекет басшысының шетел делегацияларымен ресми кездесулері шеңберінде концерттік іс-шаралар өткізу | жыл бойы |
2 | Алдынғы қатарлы шығармашылық ұжымдарды, солистерді, орындаушыларды Қазақстанға гастрольге шақыруды ұйымдастыру | жыл бойы |
3 | Мәдениетті және ұлттық дәстүрді дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу | жыл бойы |