Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтын алдын алудың
2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 401 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және бағып қағусыз қалуын болдырмау мақсатында Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтын алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілсін (қосымша).
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау Қостанай облыстық мәслихатының заң, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | Т. Төлеубаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысының мәслихаттың
2007 жылғы 31 қаңтардағы № 401 шешіміне
ҚОСЫМША
Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Қостанай қаласы, 2007 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асыру тетiгi
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы |