Облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы туралы
Қостанай облыстық мәслихатының (тоғызыншы шақырылуының кезектен тыс сессиясы)
2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 136 Шешімі
(2007.09.01. берілген өзгерістермен)
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 450 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге іс-шаралар жоспары туралы» қаулысын орындауда Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы бекітілсін (қосымша беріліп отыр).
2. Бағдарламаның орындалу барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғанов пен облыстық мәслихаттың оқу, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау комиссиясына жүктелсін.
Қостанай облыстық мәслихатының тоғызыншы сессиясының төрағасы
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
Қазақстандық патриоттық сезімін
тәрбиелеу хақында ашықтан ашық
айтатын да, осы бағытта жұмыс
істейтін де сәт түсті
Н.Ә. Назарбаев
«Асыл мұра»
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған облыстық бағдарламасы
Қостанай облысы
Қостанай қаласы
2001 жыл
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы:
"Асыл мұра" - тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған облыстық бағдарламасы.
Әзірлеуге негіздеме:
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы