Введите номер документа
Прайс-лист

Алматы қаласының 2008 жылға бюджетке аудару нормативтері туралы Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 3/446 қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 5 апреля 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 5 апреля 2007

Алматы қаласының 2008 жылға бюджетке аудару нормативтері туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 3/446 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыстарын бөлу нормативтері туралы» №1297 қаулысына сәйкес, және III-сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXIV сессиясының 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 267 шешімімен бекітілген, Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасының іс-шаралар жоспарының 20 тармағын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес шаруашылық жургізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының 2008 жылға жергілікті бюджетке таза табыс бөлігін аудару нормативтері бекітілсін.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшылары  корпоративті  табыс салығы бойынша декларация  өткізу үшін  белгіленген  мерзімнен  кейін   10  жұмыс  күнінен  кешіктірмей белгіленген аударым нормативтеріне сәйкес таза табыс бөлігінің қала бюджетіне аударылуын қамтамасыз етсін.

3.  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшылары есеп жылының қорытындылары бойынша кәсіпорындардың сметадан асыра түскен кірістерінің жергілікті бюджет кірісіне аударылуын қамтамасыз етсін.

4.  Алматы қаласының қаржы департаменті (А.Н.Әбдіқадырова) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2006 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінің бөлінуіне, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне дивиденттерінің, сондай - ақ мемлекеттің қатысуымен серіктестестіктердегі мемлекеттің қатысу үлесіне таза табысының уақытында және толық аударылуына тексеру жүргізсін.

5. Осы қаулының орындаулың бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.  

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами