Алматы қаласындағы лицензиялау туралы
Алматы қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 2/242 қаулысы
Алматы қаласы Әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі № 3/626 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы», 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы», 2006 жылғы 7 шілдедегі «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2006 жылғы 7 шілдедегі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне (Васильева Л.А.) (бұдан әрі-Экономика департаменті) осы қаулыға қоса беріліп отырған 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлеріне лицензия алуға арналған құжаттарды қабылдау мен қарау, лицензиялау мэселелері бойынша Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын дайындау, біліктілік талаптарының сақталуьша бақылау жасау, сондай-ақ талапкер немесе жауапкер ретінде сотқа қатысу міндеттері жүктелсін. Департамент директорына, немесе оны ауыстыратын тұлғаға әкімдік қаулысын орындау мақсатында берілетін лицензияларға, сондай-ақ осыған байланысты басқа да құжаттарға қол қою құқығы берілсін.