«Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы ХХІ сессиясының
№ 246 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2006 жылғы 29 наурыздағы № 275 шешiмi
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңыжәне «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ, «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
«Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы ХХІ сессиясының № 246 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 4150, 2006 жылғы 17 ақпанда «Сыр бойы» облыстық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Бағдарламаның паспорты атты бөлімде:
«Қаржыландыру көзі мен көлемі» жолында:
«2006 жылы - 8 млн. 500 мың теңге» деген сөздер «2006 жылы - 12 млн. 700 мың теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
Бағдарламаның іс-шаралар жоспарының 3, 9, 9-1, 10, 17, 24, 25, 26-1, 29, 32-1, 34, 36 тармақтарындағы іс-шаралар 2006-2008 бюджеттің нақтылануына байланысты қаржыландырылуды көздейді.;
4. Бағдарламаның міндеттері тармағында:
Жас азаматтардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы» бөлігі мынадай мазмұндағы 3 тармақшамен толықтырылсын:
3) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған жастарды әлеуметтік бейімдеу қызметін ұйымдастыру.;
Жас дарындарды қолдау мен шыңдау»бөлігі мынадай мазмұндағы 4 тармақшамен толықтырылсын:
4) шығармашылық жастарды қолдау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
«Жастар қоғамдық бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен азаматтық белсенділігін арттыру» бөлігі мынадай мазмұндағы 7 тармақшамен толықтырылсын: