Қызылорда облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің
2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 243 шешімі
(2007.02.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған «Қызылорда облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілсін.
Облыстық Мәслихаттың
ХХІ сессиясының төрағасы
2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 243 шешімімен бекітілген
Қызылорда облысында құқық бұзушылықтың алдын
алу мен қылмысқа қарсы күрестің
2006-2007 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Бағдарламаны атауы | Қызылорда облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы |