Введите номер документа
Прайс-лист

«Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа кірігуі туралы хаттама» (Минск қ., 2006 жыл 23 маусым)

Информация о документе
Датапятница, 23 июня 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 23 июня 2006

«Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа кірігуі туралы
хаттама
(Минск қ., 2006 жыл 23 маусым)

 

2007 жылғы 21 шілдедегі № 294-ІІІ ҚР Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,

«Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 2005 жылғы 6 қазандағы «Еуразиялық кеңістікте кірігу процестерін одан әрі дамыту туралы» шешіміне сәйкес,

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекеттер басшылары деңгейінде) 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 267 «Орталық Азия ынтымақтастығы»»ұйымының Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа кірігуін құқықтық ресімдеу туралы»»шешімін ескере отырып,

2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартқа Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы 2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған хаттаманы назарға ала отырып,

«Орталық Азия ынтымақтастығы» (ОАЫ) ұйымы мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) стратегиялық мақсаттары мен міндеттері сәйкес келетінін ескере отырып,

ОАЫ ұйымы алдында тұрған кіріктірілген нарықты, су-энергетикалық, көлік, азық-түліктік және басқа да салалардағы бағдарламаларды жасау жөніндегі іс жүзіндегі міндеттер қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ шеңберінде табысты шешіліп жатқанын назарға ала отырып,

«Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының құрылтайшы мемлекеттері ретінде әрекет ете отырып,

мына төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Осы Хаттамаға 1-қосымшада көрсетілген ОАЫ ұйымы шеңберінде жасалған халықаралық шарттар қолданысын жалғастыра береді және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын ескере отырып, оның шарттық-құқықтық базасына бейімделуі мүмкін.

 

2-бап

 

Осы Хаттамаға 2-қосымшада көрсетілген ОАЫ ұйымы шеңберінде жасалған халықаралық шарттар осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап өз қолданысын тоқтатады.

 

3-бап

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом