2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 21-2 шешімі
(2007.18.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы № 16-19 шешімімен күші жойылды
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жамбыл облыстық мәслихатының 2007.30.03. № 22-4 ; 2007.26.07. № 25-4 (2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданылды) (бұр.ред.қара); 2007.18.10. № 2-2 (2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 44579450 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 7616597 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 8943 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10000 мың теңге;
трансферттердiң түсiмдерi - 36943910 мың теңге;
2) шығындар - 44759526 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -180076 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - -803214 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 340000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1143214 мың теңге;
5) бюджет профициті - 623138 мың теңге;
6) бюджет профицитті пайдалану - -623138 мың теңге.
2. 2007 жылға жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:
аудандар мен Тараз қаласының бюджеттеріне келесі мөлшерде белгіленсін:
Байзақ ауданына - 50,0 пайыз;
Жамбыл ауданына - 30,0 пайыз;
Жуалы ауданына - 100,0 пайыз;
Қордай ауданына - 30,0 пайыз;
Т.Рысқұлов ауданына - 30,0 пайыз;
Меркі ауданына - 30,0 пайыз;
Мойынқұм ауданына - 20,0 пайыз;
Сарысу ауданына - 40,0 пайыз;
Талас ауданына - 50,0 пайыз;
Шу ауданына - 30,0 пайыз;
Тараз қаласына - 30,0 пайыз;
аудандардан (қаладан) облыстық бюджетке келесі мөлшерде белгіленсін:
Байзақ ауданынан - 50,0 пайыз;
Жамбыл ауданынан - 70,0 пайыз;
Қордай ауданынан - 70,0 пайыз;
Т.Рысқұлов ауданынан - 70,0 пайыз;
Меркі ауданынан - 70,0 пайыз;
Мойынқұм ауданынан - 80,0 пайыз;
Сарысу ауданынан - 60,0 пайыз;
Талас ауданынан - 50,0 пайыз;
Шу ауданынан - 70,0 пайыз;