Қостанай қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 320 шешімі
(2007.15.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес, «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық Мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешімі негізінде және Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысын қарап, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007.18.01. № 329 ; 2007.09.04. № 348; 2007.16.07. № 379 (бұр.ред.қара); 2007.15.10. № 13 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2007 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер 11246774 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 7844568 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 47490 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1568107 мың теңге;
трансферттер түсімдері 1786609 мың теңге.
2) шығыстар 12181993 мың теңге;
3) операциялық сальдо -935219 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу -5544 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -5544 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 1000 мың теңге;
6) тапшылық -930675 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру 930675 мың теңге
2. Бюджет Кодексіне сәйкес 2007 жылда қала бюджетіне түсімдер, облыстық және республикалық бюджеттердің кірісіне есептелетінен басқа, толық көлемде есептеленеді:
1) салықтық түсімдер:
жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; мүлікке салынатын салықтар; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; акциздер; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер; кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар; мемлекеттік баж;
2) салықтық емес түсімдер: