Жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті деңгейде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту туралы
Павлодар облысы әкімиятының 2006 жылғы 30 наурыздағы № 115/4 қаулысы
(2007.12.04. берілген өзгерістермен)
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 245/7 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 1-бабы 17-тармағына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті деңгейде әлеуметтік көмек көрсету үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті деңгейде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы нұсқаулығы бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
2. Облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті облыс қалалары мен аудандарының бюджеттеріне Ауғанстандағы әскери әрекеттері кезеңінде қатысқан әскери қызметкерлері және Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан адамдарға әлеуметтік көмек көрсету үшін мақсатты ағымдағы трансферттердің уақытында бөлінуін қамтамасыз етсін.
3. Қалалар мен аудандар әкімдері осы қаулыны орындау үшін тиісті шаралар қолдансын, тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне осы туралы есеп берсін.
4. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті облыстық бюджеттен төленген сомалар жөнінде Павлодар облысының қаржы департаментіне тоқсан сайын есепті мәлімет берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсін.
Облыс әкімі | Қ. Нұрпейісов |
Павлодар облысы әкімдігінің
2006 жылғы 30 наурыздағы
«Жекелеген санаттағы азаматтарға
жергілікті деңгейде әлеуметтік
көмек көрсету тәртібі туралы
Нұсқаулығын бекіту туралы»
№ 115/4 қаулысына қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға жергіліктi деңгейде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы
нұсқаулығы