«Автошаруашылық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын қайта атау туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 7/1249 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Автошаруашылық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Алматы қаласы әкімі аппаратының «Автошаруашылық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Кәсіпорынның ұсынылған Жарғысы жаңа редакцияда бекітілсін.
3. «Автошаруашылық» Алматы қаласы Әкімі аппаратының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны туралы» Алматы қаласы әкімінің 1999 жылғы 25 қаңтардағы № 78 шешіміндегі 3 тармағы күшін жойды деп танылсын.
4 Кәсіпорын директорының міндетін атқарушы (Е. В. Кульгавый) заңмен белгіленген тәртіпте Алматы қалалық әділет органдарында кәсіпорынның қайта тіркелуін қамтамасыз етсін .
5 Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысы Ж .А. Мырзалинге жүктелсін.
Алматы қаласы әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 23 қазандағы
№ 7/1249 Қаулысымен бекітілді
Алматы қаласы әкімі аппаратының «Автошаруашылық»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының
жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласы әкімі аппаратының «Автошаруашылық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (әрі карай - Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылады.
2. Кәсіпорынмен қатынаста коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функциясын Алматы қалалық әкімдігі (әрі қарай Уәкілетті орган) атқарады.
3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы - Алматы қаласы Әкімінің аппараты (әрі қарай - Мемлекеттік басқару органы).