2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында он сегіз жастан
жиырма жеті жасқа дейінгі кейінге қалдыру және шақырылудан босатылуға
құқығы жоқ азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізуді
ұйымдастыру туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі
№ А-4/378 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери қызмет және әскери міндет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Әскери қызметке азаматтарды шақыруды және ұйымдастыруды өткізу ережелерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген, жедел әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа босату және 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке Қазақстан Республикасы азаматтарын кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі қаулы етеді:
1. Ақмола облысы бойынша қорғаныс істер Департаментінің жинау пунктінің шақыру учаскесінде азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2. 1 қосымшаға сәйкес азаматтарды шақыруды ұйымдастырып, өткізу үшін қалалық шақыру комиссиясы құрамы құрылсын.
3. 2007 жылдың сәуір-маусым айлары және 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтарға шақыру өткізу кестесі бекітілсін (қосымша 2).
4. Ұйым басшылары шақырылуға тиісті азаматтарды іс сапарлардан (демалыстан) шақыртып, олардың шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
5. Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті (келісім бойынша) жедел әскери қызметке шақыртылған азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін:
1) дәрігер-мамандарды бөлсін: офтальмолог, психиатр, отоларинголог, невропатолог, терапевт, тіс дәрігері, хирург, дерматолог, рентгенолог. Дәрігердің қарауына байланысты комиссия мүшелері құрамында жұмыс істеу үшін 7 адам медициналық бикелер бөлінсін.