Павлодар қалалық мәслихатының 2005 жылғы 18 наурыздағы «Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлері бойынша белгіленген жиынтықты салықтың мөлшерлемесін және бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» № 23/13 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (3 сайланған 32 кезектен тыс сессия)
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 51/32 шешімі
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 394 бабын, Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңы 11 бабының 1,2 тармақтарын, 17 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДI:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2005 жылғы 18 наурыздағы «Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлері бойынша белгіленген жиынтықты салықтың мөлшерлемесін және бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» № 23/13 шешіміне (3 сайланған 13 кезектен тыс сессия), (2005 жылғы 7 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2984 болып тіркелген, 2005 жылғы 12 мамырдағы № 12 «Сарыарқа самалы», 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 16 «Версия» газеттерінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
4 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының тексеріс комиссиясына жүктелсін.