«Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған
салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке)салық
төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды
(Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулық»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы
2 желтоқсандағы № 1478 бірлескен бұйрығы
(2006.25.12. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 3 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келісімдерді) ережелерінің қолдану тәртібін түсіндіру мақсатында, Бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі |
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен
жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс
капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу
туралы Конвенцияларды (Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы
нұсқаулық
"Салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартпен республиканың салық заңдарында айтылғандардан өзге ережелер белгiленген болса, онда аталған шарттың ережесi қолданылады.