2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Атырау облысы аумағында азаматтарды кезекті
мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 115 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
1. 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Атырау облысы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығын жойған 27 жасқа дейін ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу жүргізілсін.
2. Қосымшаға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық жасау және бақылау үшін облыстық шақыру комиссиясы құрылсын.
3. Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері:
1) аудандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері, Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасы арқылы мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
2) заңнамаға сәйкес қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
3) облыс аудандары мен Атырау қаласында азаматтарды әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін;