Темекі өнімдерінің қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларация нысанын, ережелері мен тапсыру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 537 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 194 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2016 жылғы 19 ақпандағы № 75 бұйрығымен күші жойылды
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Темекі өнімдерінің қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларация нысанын, ережелері мен тапсыру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 537 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 20 қаңтарда № 2675 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 25-28, 944-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдерінің қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдерінің қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларацияны тапсыру ережелерінде:
7-тармақта «дана» деген сөзден кейін «/кг» деген сөзбен толықтырылсын;
14-17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Есепті кезеңнің басындағы қалдық» бөлімінде:
1) 440.00.001 жолында есепті кезеңнің басында декларантта бар фильтрлі сигареталардың қалдығы көрсетіледі;
2) 440.00.002 жолында есепті кезеңнің басында декларантта бар фильтрсіз сигареталардың, папиростардың қалдығы көрсетіледі;
3) 440.00.003 жолында есепті кезеңнің басында декларантта бар сигаралардың қалдығы көрсетіледі;
4) 440.00.004 жолында есепті кезеңнің басында декларантта бар сигариллалардың қалдығы көрсетіледі;