Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешімі
(2007.12.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«2007 жылға арналған республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 194-ІІІ Заңын орындау yшін, «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихаты шешімінің жобасын Қостанай облыстың мәслихатының қарауына енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 349 қаулысын қарап, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы мәслихатының 2007.09.01. № 388 ; 2007.03.04. № 428 ; 2007.12.07. № 457 (2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.12.10. № 13 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
кірістер - 41 663 731 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 1 327 566 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 199 593 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 343 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 40 127 229 мың теңге;
шығындар - 42 394 394 мың теңге;
операциялық сальдо - - 730 663 мың теңге;
таза бюджеттік кредиттеу - - 346 314 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 028 671 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 374 985 мың теңге;
6) бюджет дефициті (профицит) - - 384 349 мың теңге;
7) дефицитті қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - 384 349 мың теңге.
2. Облыстық бюджеттік кірісіне есептелетіндер белгіленсін:
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу;
облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автокөлік жолдарымен жүрген үшін жиындар;