Введите номер документа
Прайс-лист

«2007 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 10/04 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 15 мая 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 мая 2010

2007 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 10/04 қаулысы

 

Қарағанды облысы әкімдігінің 2010.04.05. № 13/16 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 1920 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 318 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінге ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

3. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:

1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;

2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың шақыру пункттеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс-шараларды қабылдасын;

3) шақыру (жинау) пункттерін жабдықтауды, дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтуды қамтамасыз етсін;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом