Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-ө Бұйрығы
(2010.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 29) тармақшасына сай БҰЙЫРАМЫН:
1. Бұйрыққа қоса тіркелген Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелері бекітілсін.
2. Күшін жоғалтқан деп:
1) «Өндірістік мониторинг жүргізудің үлгі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4101 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылдың 28 сәуірдегі № 76-77 (1056-1057) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылдың 2 ақпандағы № 45-б бұйрығы;
2) «Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылдың 13 желтоқсандағы № 215 (1195) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылдың 3 тамыздағы № 258-б бұйрығы.