Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 21 маусымдағы
№ 89/166 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 14) тармақшасына, 101-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес мәслихаттар өкілеттігінің конституциялық мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалсын.
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсыну 2007 жылғы 22 маусымнан басталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін және ол облыстық, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы маусымның 21-і
№ 89/166
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2007 жылғы 21 маусымдағы № 89/166 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды сайлау округтері бойынша ұсыну. |
| Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғары органдары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен. 2007 жылғы 22 маусымда басталады және сайлау күніне 1 ай қалғанда 2007 жылғы 17 шілдеде аяқталады. (103-бап) |