Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын тағайындау және Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/169 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасы, 101-бабының 1-тармағының 1) тармақшасы және 2-тармағы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауы 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалсын.
2. Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу 2007 жылғы 2 маусымнан басталатын болып белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін (бұдан әрі - Күнтізбелік жоспар).
4. Күнтізбелік жоспар сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
5. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы | Қ. Тұрғанқұлов |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы | Б. Мелдешов |
Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының
2007 жылғы 25 маусымдағы
№ 90/169 қаулысына
Қосымша
2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды сайлау округтері бойынша ұсыну. |