Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 6 маусымдағы № 197 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 586 Бұйрығымен күші жойылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 6 маусымдағы
№ 197 бұйрығымен
бекітілген
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру
ережесі
1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі - депозитарий) қаржылық есептілікті беру тәртібін анықтайды.
Депозитарий - пайдаланушылар үшін ашық қатынаумен өткізетін, жыл сайын ұйымдармен тапсырылатын қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры.