Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін
бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының
2004 жылғы 18 тамыздағы № 128/164 қаулысы
(2005.01.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес және 50-1-бабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қоса берілген электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелері бекітілсін.
2. Осы қаулы басшылыққа алу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының "Электрондық сайлау
жүйесін Қазақстан Республикасының
"Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы" Конституциялық заңымен
реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың
тәртібі жөніндегі Ережелерді
бекіту туралы"
2004 жылғы 18 тамыздағы
№ 128/164 қаулысымен бекітілген
Электрондық сайлау жүйесін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін
бөлігінде, пайдаланудың тәртібі жөніндегі
Ережелер
Электрондық сайлау жүйесін пайдаланумен дауыс бергенде төмендегідей ерекшеліктері ескеріліп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының нормалары қолданылады.
І. Дауыс беруге арналған үй-жайды безендіру