Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2005 жылғы 11 наурыздағы № 195 Бұрығы
Осы редакция 2007 ж. 28 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 104 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1827 тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Егіншілік департаменті (А.Қ.Евниев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2005 жылғы 11 наурыздағы № 195
бұйрығымен бекітілген
Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесі
Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында астықты қабылдау, өлшеу, тазарту, кептіру, сақтау және тиеп жөнелту бойынша операцияларды ресімдеу және есептеу тәртібін, сонымен қатар астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорындары арасындағы қатынастарды реттейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тазарту актісі - астық есебін жүргізу мақсатында астықты қабылдау кәсіпорындарымен жасалатын құжат;
2) есеп-акт - астық иесіне жіберуге жататын астық және (немесе) астық қалдықтарының көлемін анықтау үшін астық қабылдау кәсіпорнымен жасалатын құжат;
3) астық иесі - астық қабылдау кәсіпорындарына астығын сақтауға берген заңды немесе жеке тұлға;