2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына толықтыру енгізу
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007 жылғы 22 маусымдағы № 186 қаулысы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 261 Қаулысымен 2014 ж. 1 қаңтардан күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 заңының 16 және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңының 27 баптарына сәйкес он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы заңнаманы даралап қолдану мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2007 жылғы 30 мамырда Ақтөбе облысы бойынша Әділет департаментінде № 3207 санымен тіркелген Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы «Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы» № 156 қаулысы төмендегі мазмұнда 2.1. тармақпен толықтырылсын:
2.1. «Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлемдер беру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.М.Рахымжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Облыс әкімі