Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған өтінім нысанын, рұқсат және рұқсатты есепке алу мен тіркеу жорналын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашлығы Министрлігі Балық Шаруашылығы Комитеті Төрағасының
2007 жылғы 18 маусымдағы № 16-01-07/82п Бұйрығы
ҚР Ауыл Шаруашлығы Министрлігі Балық Шаруашылығы Комитеті Төрағасының 2009 жылғы 29 қазандағы № 16-01-07/146п бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған нысандар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін пайдалану үшін рұқсат алу өтінім;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат;
3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты есепке алу мен тіркеу жорналы.
2. Аумақтық органдар басшылары осы бұйрықты орындауға алсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының орынбасары Н.Н. Сыздықовқа жүктелінсін.
4. Осы бұйрық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді және ресми жариялануға тиіс.