«Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2000 жылғы 25 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 234 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 Бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1135 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 146, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1483 тіркелген, 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 103 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4637 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, сондай-ақ қаржыландыру көзіне қарамай Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеке тұлғаларға іссапар шығыстарын, стипендиялар, төлемдерді төлеу олардың сомасын ақшаны алушылардың таңдауы бойынша банкте ашылған карт-шоттарға немесе жинақ шоттарына есепке алу жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 142-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы осы тармақта көзделген төлемдерді жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің чектері бойынша қолма-қол ақшаны алуға жол беріледі.