Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 25
сәуірдегі № 195 бұйрығы
(2007.04.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 Бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесі бекітілсін.
2. «Бюджеттік ұйымдарда кассалық операциялар жүргізудің уақытша тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі № 298 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Бірінші вице-министр
Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар
жүргізудің ережесі
ҚР Қаржы министрлігінің 19.02.02 ж. № 71 бұйрығымен Ереже мәтініне өзгерістер енгізілді; ҚР Қаржы министрлігінің 2007.03.04. № 103 бұйрығымен «шығыстардың сметасын», «шығыстардың сметасы», «шығыстардың сметасымен», «шығыстар сметасы» деген сөздер «қаржыландыру жоспарын», «қаржыландыру жоспары», «қаржыландыру жоспарымен» деген сөздермен ауыстырылды;
«ақылы қызмет көрсетулерді» деген сөздер «тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)» деген сөздермен ауыстырылды;
«депозиттік сома» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрлігінің 2007.03.04. № 103 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Ереже кассалық операцияларды жүргiзудің, мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитiн, сондай-ақ, қолма-қол ақшаның сақталуын және кассалық тәртіптің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге қажет талаптарды айқындаудың тәртібін белгiлейдi.