Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары
Ассамблеясының ережесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 ж. 26 сәуірдегі № 856 Жарлығы
(ҚР Президентінің 2005.23.04. № 1561 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 26 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдағы тұрлаулылық пен келісімді нығайтудағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін одан әрі көтеру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
ҚР Президентінің 2005.23.04. № 1561 Жарлығымен 1) тармақша толықтырылды
1) Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2011 жылға дейiнгi стратегиясы;
2) Қазақстан халықтарының Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясын іске асыру жөнінде тиісті іс-шаралар қолдансын және бұрын қабылданған шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. "Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығының және "Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 қазандағы № 450 Жарлығының күші жойылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі
№ 856 Жарлығымен бекітілген
ҚР Президентінің 2005.23.04. № 1561 Жарлығымен стратегия өзгерді (бұр. ред. қара)
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ
ОРТА МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢГЕ АРНАЛҒАН
СТРАТЕГИЯСЫ
(2011 жылға дейін)
1. ПАСПОРТЫ
Атауы Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта
мерзiмдi кезеңге арналған стратегиясы