Қаржылық есептіліктің тізбесі, ұсыну мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ
екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 5 ақпандағы № 11 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 20 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54 және 55-баптарына, «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Еншілес ұйымдары жоқ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде Халықаралық қаржылық есеп стандарттарында және осы қаулының 3-5-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес жасалған, аудиторлық ұйым растаған, қағазға басып шығарылған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) ұсынсын.
Еншілес ұйымдары бар банктер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде Халықаралық қаржылық есеп стандарттарында және осы қаулының 3-5-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес жасалған, қағазға басып шығарылған шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді уәкілетті мемлекеттік органға ұсынсын.
Банктер шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді ұсынған кезде аудиторлық ұйымның растауы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілік үшін ғана талап етіледі.
2. Банктер: