«Қазақстан темір жол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тарифтер мен тарифтік сметалар бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2007 жылғы 25 мамырдағы 2007 № 141-НҚ бұйрығы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына, 15-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесінің 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан темір жол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізе отырып:
1) осы бұйрыққа берілген 1-қосымшаға сәйкес көрсететін жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолдарды беру жөніндегі қызметтерге және тасымалдау процесінің маневр жұмыстарына, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген, жылжымалы құрам тұрағы үшін кірме жолды беру қызметтеріне тарифтер;
2) осы бұйрыққа берілген 2 және 3-қосымшаларына сәйкес кірме жолдардың қызметтеріне тарифтік сметалар бекітілсін.
2. «Қазақстан темір жол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы осы бұйрықпен бекітілген, кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметалар қолданысқа енгізілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей кірме жолдар қызметтерінің осы түрлеріне жалпы тәртіппен тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту үшін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне өтініш берсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты «Қазақстан темір жол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.