Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысы
(2005.08.12. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 11 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесi бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 шiлдедегi № 741 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 300-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
| міндетін атқарушы | | | | | | | | | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1458 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
аумағында аң аулау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейдi.
2. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алу жүзеге асырылатын жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
Олжалау мақсатымен жануарларды iздеу, аңду және iзiне түсу, жануарлар дүниесiнiң объектілерiн олжалауға әрекет жасау, аң аулайтын жерлерде адамдардың қабынан алынған аңшылық атыс қаруымен және аң аулаудың басқа құралдарымен немесе олжаланған аңшылық өнiмiмен, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттермен және қыран құстармен жүруi аң аулауға теңестiрiледi.