2007 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы 2006 жылғы 21 желтоқсандағы
Петропавл қалалық мәслихатының 29 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2007 жылғы 27 ақпандағы № 9 шешімі
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-П Бюджеттік кодексінің 116 бабына сәйкес, «2007 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы қалалық мәслихаттың № 29/2 шешіміне қаржы бөлімінің қортындысы және қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштері негізінде мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімге 1 қосымшаға сай жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім әділет органында тіркелгеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
3. 2007 жылғы 1 қаңтарынан әрекет ету күшіне енеді.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | |
Петропавл қалалық
2007 жылғы 27 ақпандағы
31 сесиясының № 9 шешіміне
№ 1 қосымша
2007 жылға арналған петропавл қаласының бюджеті туралы
Санаты | Сыныбы | Сомасы мың теңге |
| | Кіші сыныбы |
| Атауы |
| | | 1.Кірістер | 6 474 234 |
1 | | | Салықтық түсімдер | 3 291 302 |
| 1 | | Табыс салығы | 2 300 981 |
| | 2 | Жеке табыс салығы | 2 300 981 |
| 4 | | Меншікке салынатын салықтар | 598 329 |
| | 1 | Мүлікке салынатын салықтар | 363 030 |
| | 3 | Жер салығы | 120 865 |
| | 4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 114 434 |
| 5 | | Жұмыс және қызмет, тауарларға салынатын ішкі салықтар | 326 161 |
| | 2 | Акциздер | 173 770 |
| | 3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланылғаннан түсімдер | 75 378 |
| | 4 | Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметті жүргізу үшін алымдар | 77 013 |
| 8 | | Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны үшін және (немесе) оған уәкілеттегі бар мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 65 831 |
| | 1 | Мемлекеттік баж | 65 831 |
2 | | | Салық емес түсімдер | 15 639 |
| 1 | | Мемлекет меншігінен түсетін түсімдер | 9 829 |