Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы
құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 1138 Жарлығымен күші жойылды
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру және нысаналы түрде пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы маусымның 29-і
№ 355
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 29 маусымдағы
№ 355 Жарлығымен
Бекітілген
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше
реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын
бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру және нысаналы түрде пайдалану мақсатында құрылды.