Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы № 894 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, ол 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтырулар енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, Ақорда 2007 жылғы
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы № Жарлығымен
мақұлданған