Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 6 қыркүйекте № 237-нқ Бұйрығы
(2008.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 5-НҚ Бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-5) тармақшасына және «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сай нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сай мемлекеттік органдар реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандары бекітілсін.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007.06.09 № 237-нқ Бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жартыжылдық қорытындылар бойынша деректерді жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және оның аумақтық органдарына ұсынсын.
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының шекараларындағы тиісті тауар нарықтарында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін нарық субъектілері және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тиісті аумақтық органдарына деректер береді.