2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Көкшетау қалалық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № С-37/5 шешімі
(2007.14.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 5 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 63 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Көкшетау қалалық мәслихатының 2007.21.02. № С-38/7; Көкшетау қалалық мәслихатының 2007.30.03. № С-39/5 (бұр.ред.қара); 2007.14.06. № С-43/5 (бұр.ред.қара); 2007.16.07. № С-45/5 (бұр.ред.қара); 2007.14.09. № С-3/5 (бұр.ред.қара) шешімдермен 1-тармақ өзгертілді
1. 2007 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) табыстар - 8 244 305,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 863 435 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 73 851 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 324 964 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 2 967 555,1 мың теңге.
2) шығындар - 8 880 591 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 636 285,9 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелендіру - - 155 881 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелерді төлеу - 155 881 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 143 300 мың теңге, соның ішінде:
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 42 000 мың теңге;
қаржы активтерді алу - 145 500 мың теңге;
6) бюджеттік тапшылық (профицит) - 623 704,9 мың теңге;
7) бюджеттік тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) 623 704,9 мың теңге.
2. Қалалық бюджет табыстары келесі көздер есебінен қалыптастырылады:
1) салықтық түсімдер, соның ішінде:
төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыс салығынан түсетін табыстар;
біржолғы талондар бойынша қызметтерді іске асыратын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығынан түсетін табыстар;
әлеуметтік салық;
мүлікке салынатын салық;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
бірыңғай жер салығы;
акциздер;