«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ оларды
сатып алу кезіндегі «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы»
АҚ акцияларының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 197 бұйрығы
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Жарғысының 26-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ оларды сатып алу кезіндегі «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ акцияларының құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қоғамның жалғыз акционерінің шешімі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрінің
2007 жылғы 20 маусымдағы
№ 197 бұйрығымен бекітілген
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы»
АҚ оларды сатып алу кезіндегі
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы»
АҚ акцияларының құнын айқындау
ӘДІСТЕМЕСІ
1. «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы АҚ-ның (бұдан әрі - Қоғам) орналастырылған акцияларын сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғам Жарғысына қарама-қайшы келмейтін оларды кейіннен сату немесе өзге де мақсаттарда осы Әдістемеге сәйкес Қоғамның бастамашылығы бойынша акционердің келісімімен жүргізілген болуы мүмкін.
2. Қоғамның бастамашылығы бойынша Қоғамның орналастырған акцияларды сатып алуы Қоғамның Директорлар Кеңесінің шешімі негізінде жүргізіледі.
3. Қоғам мыналарда:
1) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіткенге дейін;