Введите номер документа
Прайс-лист

«Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 121 «Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 197 қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 27 сентября 2007
Статус
Действующийвведен в действие с 27 сентября 2007
Дата последнего изменениячетверг, 27 сентября 2007

Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 121 «Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 197 қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 121 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1661 болып тіркелген, 2007 жылдың 30 маусымында № 107-109 «Ақ жол» және № 73 «Знамя труда» газеттерінде жарияланды; Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 13 тамыздағы № 180 «Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 121 қаулысына өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер мен толықтыру енгізілген; нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1667 болып тіркелген, 2007 жылдың 27 қыркүйегінде № 156 «Ақ жол» және № 110 «Знамя труда» газеттерінде жарияланды) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының атауында және бүкіл мәтін бойынша, 4 тармағынан басқа, «бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік» деген сөздерді «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі» деген сөздерге ауыстырылсын;

1 тармағында «1 және 2 қосымшаларға» деген сөздерді «қосымшаға» деген сөзіне ауыстырылсын;

көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами