Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы
Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 3-1-618қ Қаулысы
(2010.24.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Астана қаласы әкімінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 23-1097п Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2009.17.06 № 23-569қ Қаулысымен барлық мәтін бойынша «департаменті» деген сөз тиісінше «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Астана қаласы әкімдігінің 2006.08.08 № 23-698қ қаулысымен преамбула жаңа редакцияда ; Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 23-266қ Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.17.06 № 23-569қ Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
Астана қаласы әкімдігінің 2006.08.08 № 23-698қ қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда ; Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 23-266қ Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қағидаға сәйкес «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Астана қаласының Қаржы басқармасы қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.