«2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы»
III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
XX сессиясының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 20/304-III шешімі
(2007.16.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 14 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80, 85-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат шешім қабылдады:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XXІ сессиясының 2007.03.02. № 21/330-III; XXII сессиясының 2007.10.04. № 22/342-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.17.07. № 24/377-III (бұр.ред.қара); II сессиясының 2007.16.10. № 2/13-IV (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 73156227,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 19664829 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 804062 мың теңге;
трансферттердің түсімі - 52687336,8 мың теңге;
2) шығындар - 74284233,8 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -1128006 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - -1861516 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1072000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2933516 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 155600:
қаржы активтерін сатып алу - 155600;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
6) бюджет тапшылығы (профицит) - 577910 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - -577910 мың теңге.