Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу,
сондай-ақ осы рынокқа шығу және қызметтер көрсетудің Ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 232 бұйрығы
Осы редакция 2007 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа шығу және қызметтер көрсетудің Ережесі бекітілсін.
2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті (Н.Б.Бертісбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Б.Е. Оразбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық жоғарыда көрсетілген Ережемен белгіленген мынадай нормаларды:
2005 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілетін 54-тармақты;
2005 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін 63-тармақтың 2) тармақшасын;
2005 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін 58-тармақтың 2) және 3) тармақшаларын, 70-тармақтың 1) және 2) тармақшаларын;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 70-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, мемлекеттік тіркелу күнінен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
___________________________
"Электр энергиясының бөлшек сауда
нарығын ұйымдастыру және жұмыс
істеу, сондай-ақ осы нарықтағы
қызметтер көрсетуді ұсыну мен оған
қол жеткізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2004 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 232 бұйрығымен бекітілген
Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс
істеу, сондай-ақ осы нарықтағы қызметтер көрсетуді ұсыну мен оған қол
жеткізу ережесі