«Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік
ұлттық табиғи саябағының қорғау аймағын орнату туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 32 қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 12 қарашададағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 9) тармақшасына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңы 10 бабы 2 тармағы 11) тармақшасы және 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 123 бабына сәйкес, «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше қорғау және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі қаулы етеді:
1. Мыналар орнатылсын:
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында жер пайдаланушылар мен жеке меншік жер учаскелерін алып қоюсыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ»(ілгеріде-ұлттық саябақ) мемлекеттік мекемесі шекарасы маңайында ені екі километр қорғау аймағы;
қосымшаға сәйкес ұлттық саябақтың қорғау аумағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі;
қорғау аймағының шекарасы ұлттық саябақ шекарасы конфигурациясына ұқсас.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.І. Сүлейменовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Облыс әкімдігінің 2007 жылғы
15 ақпандағы № 32 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» Мемлекеттік
ұлттық табиғи саябағы» мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы
аумақтарында табиғатты пайдаланудың режимі мен тәртібі