ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрі
міндетін атқарушының
2007 жылғы 27 қарашадағы
№ 251 бұйрығымен
Бекітілген
«Темір жол жылжымалы құрам кепілін тіркеу»
мемлекеттік қызметін көрсету
СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт кепіл ұстаушылардың мүддесін қорғау және кепіл ұстаушының келісімінсіз кепілдегі мүлікті иеліктен шығаруға жол бермеу мақсатында темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетуді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұсыну тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 308-бабының, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 нөмірімен тіркелген) бұйрығының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - КББ) көрсетеді (осы стандартқа 1-қосымша).
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу туралы куәлік беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына олардың тіркелген жерінен берілген сеніммен басқару негізінде шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде ұсынылады: